Array ( [0] => li1 [1] => li2 [2] => li3 [3] => li4 )

Қауым үшін жарқыра!

Засияй для людей!

previous arrow
next arrow
Slider

2019 ж. байқау туралы

«Жарқыра» бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша байқау  2016 ж. бастап өткізілуде. 2016-2018 жж. байқауда Атырау облысының 21 әлеуметтік кәсіпкері жеңіске жетті. Оларға жалпы сомасы 51,3 млн. теңгеге қолдау көрсетілді.

Көбірек білу үшін

2019 ж. байқаудың кезеңдері:

  1. ӘК бойынша таныстыру семинарлары – 23-30 қазан;
  2. Байқауға өтінімдер қабылдау – 12 қарашаға дейін;
  3. 25 тұжырымдаманы іріктеу – желтоқсан;
  4. Бизнес-акселерация және бизнес-жоспарлар дайындау - желтоқсан-қаңтар
  5. Сарапшылар комитеті алдында жобаларды қорғау және жеңімпаздарды таңдау – ақпан;
  6. Тәжірибе алмасулар, кеңес берулер – наурыз-тамыз айлары
  7. Маңғыстау облысының әлеуметтік кәсіпкерлерінің бірінші Құрылтайы – тамыз

Байқау туралы Ереже

Ұйымдастырушылар

  • Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) – аймақта 2005 жылы құрылған қоғамдық ұйым. ОАЕҚ ұлттық және өңірлік деңгейлерде азаматтарға қоғамдық мәселелердің тиімді шешімдерін табу және ілгерлетуге көмектесе отырып, қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.ОАЕҚ Еуразия Қорының қызметін жергілікті институт ретінде жалғастыруда. Еуразия Қоры – 1993 жылдан бері Орталық Азияға 40 миллион доллардан аса қаржат инвестициялаған жеке коммерциялық емес ұйым. http://www.ef-ca.kz сайтынан ОАЕҚ туралы толығырақ ақпарат ала аласыз және қамқоршылар кеңесінің мүшелерімен таныса аласыз.
  • "Теңізшевройл" ЖШС – шикі мұнай, сұйытылған көмірсутекті газдар, құрғақ газ және күкіртті барлау, өңдеу, шығару және өткізумен айналысатын қазақстандық серіктестік. ТШО қауіпсіздік техникасының және қоршаған ортаны қорғаудың әлемдік деңгейдегі стандарттардың талаптарына сәйкес қызметін жүзеге асырады. "Теңізшевройл" ЖШС 1993 ж. сәуір айында Қазақстан Республикасының үкіметі және «Шеврон» корпорациясы арасында құрылды. Қазіргі уақытта серіктестер қатарына кіреді: "Шеврон Оверсиз Компани" - 50%, "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ - 20%, "ЭксонМобил Казахстан Венчурз Инк." - 25% және "ЛУКАРКО Б.В." - 5%.