«Жарқыра» бағдарламасының мақсаты:
Атырау және Маңғыстау облыстарындағы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерді шешудің кәсіпкерлік жолдарын қамтамасыз етуге бағытталған инновациялық әлеуметтік бастамаларға көмек көрсету.
Міндеттері:
- Әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша жүргізілетін қоғамдық ақпараттық кампанияның көмегімен әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудің инновациялқ жолдарын табуда жергілікті қауымдастықтардың мүмкіндіктерін кеңейту;
- Қоғамның әлеуметтік мәселелеріне жауап ретінде жаңа бастамаларды қолға алған кәсіпкерлерге қажетті ақпараттық, қаржылық және консультацялық қолдау көрсету.