Array ( [0] => li1 [1] => li2 [2] => li3 [3] => li4 )

Сұрақ-жауап

  1. Менің идеям «Жарқыра» бағдарламасына жарайтынын қалай біле аламын?

Әлеуметтік кәсіпкерліктің 6 критериіне идеяңыздың сәйкестігіне тексеріңіз:

  • Әлеуметтік ықпал;
  • Қаржылық тұрақтылық;
  • Жаңашылдылық;
  • Кәсіпкерлілік;
  • Өзін-өзі өтеушілік;
  • Тираждылық.

 

  1. Басқа қалада тұрып байқауға қатыса аламын ба?

Жоқ. Байқауға тек Атырау және Маңғыстау (Ақтау, Форт-Шевченко, Баутино, Боранқұл) облыстарының тұрғындары қатыса алады

 

  1. Байқауға қатысу үшін маған бизнес-жоспар қажет пе?

Байқауға қатысу үшін бизнес-жоспар қажет емес

 

  1. Байқаудың нәтижелері қашан шығады? Қай жерден көре аламын?

1 турдың нәтижелері (25 тұжырымдаманы іріктеу) қарашаның соңында шығады. ef-ca.kz сайтының жаңалықтарын бақылап жүріңіз.

 

  1. Бір адам қанша өтінім бере алады?

Бір адам ең көбі екі өтінім бере алады.

 

  1. Бизнес-жоспар жазуға кім көмектеседі?

Бірінші турда бизнес-жоспар қажет емес, өтінім берсеңіз болды. Екінші турға өтетін болсаңыз, бизнес-жоспар жазу үшін тренингтерден өте аласыз.

 

  1. Пайызсыз несие қалай қайтарылады?

Несие 5 жыл бойы біркелікі өтемдер арқылы қайтарылатын болады. Бірінші өтем есеп шотқа ақша түскен уақыттан бастап жарты жалдан кейін.

 

  1. Әлеуметтік бизнес банкротқа ұшыраған жағдайдағы жауапкершілігім қандай?

Егер сіз несие өтей алмасыңыз, сізден кепіл алынады.

 

  1. Әлеуметтік кәсіпкердің қарапайым кәсіпкерден айырмашылығы қандай?

Әлеуметтік кәсіпкер әлеуметтік идеяға, миссияға сүйене отырып бизнес жүргізеді.

 

  1. Несие бергеннен кейін Қордың тарапынан тағы қандай қолдау көрсетіледі?

Қаржылық қолдаудан бөлек өз салаңыз бойынша кәсіби тәжірибе алмасу, Қазақстанның үздік тренерлерінен кеңес алу, Қазақстан немесе Ресейдегі ӘК бойынша өткізілетін іс-шараларға қатысу  мүмкіндігін аласыз.

 

  1. Қаржылық қолдаудан кейін бизнестің даму үрдісі бақыланады ма?

Иә, біз сізге несие алғаныңыздан кейн де қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Сіз біздің форма бойынша кәсібіңіздің қаржылық және қаржылық емес көрсеткіштері туралы есеп беріп тұрасыз. Жұмыс басталғаннан жарты жол өткеннен кейін кеңес берушімен бизнестің диагностикасын жүргізіп, ұсыныстар аласыз.