Байқауға қатысу үшін осы жердегі форманы жүктеп алыңыз. Толтырылған форманы sp2016@ef-ca.org немесе anar@ef-ca.org электронды поштасына жіберіңіз. Өтінімдер Атырау қаласы және Атырау облысының тұрғындарынан 8 наурызға дейін қабылданады.
Өтінім қабылданғанын +7 701 757 25 11 нөміріне хабарласып сұраңыз. Жұмыс уақытында хабарласыңыз!
Өтініммен бірге жоба авторының түйіндемесін және видео-жолдаманы жіберуді ұмытпаңыз! Видеоны +77017572511 нөміріне WhatsApp арқылы жіберуге болады. Міндетті түрде жоба авторының аты-жөнін көрсетіңіз.
Видео-жолдаманың (1,5-2 минут) құрылымы:
- Өзіңізді таныстырыңыз;
- Сіздің жобаңызға түрткі болған әлеуметтік мәселе туралы айтып өтіңіз;
- Ұсынып отырған жобаңыз туралы айтыңыз;
- Жобаның әлеуметтік маңызы, қоғамға қажеттілігі туралы айтыңыз;
- Жарқырадан қандай қолдау күтесіз?
- Сөзіңізді қорытындылаңыз.
2 минуттан асатын видео-жолдамалар қысқартылады немесе қабылданбайды. Толық толтырылмаған өтінімдер қабылданбайды!