"Теңізшевройл" ЖШС – шикі мұнай, сұйытылған көмірсутекті газдар, құрғақ газ және күкіртті барлау, өңдеу, шығару және өткізумен айналысатын қазақстандық серіктестік. ТШО қауіпсіздік техникасының және қоршаған ортаны қорғаудың әлемдік деңгейдегі стандарттардың талаптарына сәйкес қызметін жүзеге асырады. "Теңізшевройл" ЖШС 1993 ж. сәуір айында Қазақстан Республикасының үкіметі және «Шеврон» корпорациясы арасында құрылды. Қазіргі уақытта серіктестер қатарына кіреді: "Шеврон Оверсиз Компани" - 50%, "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ - 20%, "ЭксонМобил Казахстан Венчурз Инк." - 25% және "ЛУКАРКО Б.В." - 5%.